кесте. «Даму» қоры бағдарламаларының нәтижелері

Бағдарламаның атауы Қолдау шаралары 01.10.2011 жылғы нәтижелер
1. Тұрақтандыру бағдарламала- ры — 1 транш ШОБ-ты ЕДБ арқылы қаржыландыру 2 827 қарыз алушы жалпы сомасы 91,5 млрд. теңгеге аржыландырыл- ды
2. Тұрақтандыру бағдарламала- ры — 2 транш ШОБ ты ЕДБ арқылы қаржыландыру 3 286 қарыз алушы жалпы сомасы 16176,3 млрд. теңгеге қаржыланды
3. Тұрақтандыру бағдарламала- ры — 3 транш ШОБ ты ЕДБ арқылы қаржыландыру 3 413 қарыз алушы 228,5 млрд. теңге сомасына аржыландырылды
4. «Даму-Аймақтар» бағдарламасы ШОБ субъектілерінің өңірлік ба- сым жобаларын ЕДБ арқылы қаржыландыру (ЖАО жанындағы Комиссиялардың қатысуымен) 1 470 қарыз алушы 53,8 млрд. теңге сомасына қаржыландырылды
5. «Даму-Аймақтар II» бағдарламасы ШОБ субъектілерінің өңірлік ба- сым жобаларын ЕДБ арқылы қаржыландыру (ЖАО жанындағы Комиссиялардың қатысуымен) 161 қарыз алушы жалпы сомасы 11,4 млрд. теңге сомасына қаржыландырылды
6. «Даму-Өндіріс» бағдарламасы ЕДБ арқылы Өңдеу өнеркәсібі сала- сына тартылған ЖКС жобаларын қайта қаржыландыру/қаржыландыру (арнаулы Комиссиялардың қатысуымен) 243 қарыз алушы 55,5 млрд. теңге сомасына қаржыландырылды
7. Өңдеу өнеркәсібінің ШОБ субъектілерінің лизингтік мәмілелерін қаржыландыру бағдарламалары ЕДБ арқылы өңдеу өнеркәсібінің ШОБ субъектілерінің лизингтік мәмілелерін қаржыландыру 56 лизинг алушыны 1,3 млрд. теңге сомасына қаржыландырылды
8. ШОБ субъектілерінің лизингтік мәмілелерін қаржыландыру бағдарламасы ШОБ субъектілерінің лизингтік мәмілелерін ЕДБ және лизингтік ком- паниялар арқылы қаржыландыру 15 лизинг алушыны 0,5 млрд. теңге сомасына қаржыландырылды
9. ШКҰ кредиттеу бағдарламасы МКО-ны ЕДБ арқылы қаржыландыру 9 ШКҰ 1,7 млрд. теңге сомасына қаржыландырылды
10. Әйелдер кәсіпкерлігін кредит- теу бағдарламасы Әйелдер кәсіпкерлігін ЕДБ арқылы қаржыландыру 762 қарыз алушы 3,8 млрд. теңге сомасына қаржыландырылды
11. ШОБ субъектілерін қаржыландырудың нүктелі бағдарламалары Әкімдіктермен бірлесе отырып таңдаған артықшылығы бар жоба- ларды ішінара қаржыландыру 18 жоба 1,3 млрд. теңге сомасына қаржыландырылды
12. АДБ қарызы есебінен ШОБ субъектілерін қаржыландыру бағдарламасы ЕДБ арқылы ШОБ субъектілерінің қаржыландыру 110 қарыз алушы 3,2 млрд. теңге сомасына қаржыландырылды
13. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы ШКС қаржыландыру бағдарламасы Шартты орналастыру бағдарламасы аясында ЕДБ арқылы ШОБ қаржыландыру 36 жоба 322,7 млн. теңге сомасына қаржыландырылды
14. ҚР шағын қалаларында ШОБ субъектілерін қаржыландыру бағдарламасы Шағын қалаларда ЕДБ арқылы ШОБ субъектілерін қаржыландыру 9 қарыз алушы 56,5 млрд. теңге со- масына қаржыландырылды
15. «Даму-Аймақтар IIІ» ШОБ субъектілерінің өңірлік басым жобаларын қаржыландыру бағдарламасы ЕДБ арқылы ШОБ субъектілерінің өңірлік басым жобаларын қаржыландыру 3 қарыз алушы 37,7 млрд. теңге со- масына қаржыландырылды
16. Астана және Алматы қалаларында қызметтер (сер- вис) саласына тартылған ЖКС қаржыландыру бағдарламасы Астана және Алматы қалаларында қызметтер (сервис) саласына тартылған ЖКС қаржыландыру Игеру сатысында
17. Пайыздық ставкаларды субси- диялау («Бизнестің жол карта- сы-2020») Мемлекет кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктердегі кредиттері бойынша сыйақы ставкаларының бір бөлігін субсидиялайды 352,35 млрд. теңге кредиттік порт- фель сомасына 1198 жобаға қол қойылды
18. Кредиттерге ішінара кепілдік беру («Бизнестің жол карта- сы-2020») Экономиканың басым секторларындағы ЖКС-тің жаңа қарыздары бойынша 50% дейін кепілдік беру 48 кепілдік беру шарты жасал- ды, 3,79 млрд. теңге көлеміндегі кредиттік портфель қамтылды
19. «Бизнес-Кеңесші» бизнеске оқыту бағдарламасы ( 2011 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде) Кәсіпкерлер үшін қысқа мерзімді биз- нес –тренингтер өткізу Қазақстанның 209 ауданы бойынша 43 мыңнан астам тыңдаушылар
20. Қолданыстағы бизнесті жүргізу бойынша сервистік қолдау («Бизнестің жол картасы-2020») Бизнесті сүйемелдеу бойынша консалтингтік қызмет ұсыну 18000 сервистік қызмет көрсетілді
21. «Іскер байланыстар» жобасы («Бизнестің жол картасы-2020») ШОК субъектілеріне арналған халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты ұйымдастыру және тұғырнамасын жасау 501 қатысушы, 21 кәсіпкер Германи- яда тағылымдамадан өтті
22. ШОБ топ-менеджментін оқыту («Бизнестің жол картасы-2020») ШОБ топ-менеджментін «Назарбаев университеті» ДБҰ-де оқыту 210 тыңдаушы оқыды
23. Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдайтын «Даму-Көмек» бағдарламасы Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдау үшін демеушілік көмекті тарту 424 кәсіпкер-мүгедекке қолдау көрсетілді
24. Қазақстандағы ШОБ туралы талдамалық кітапты шығару Қазақстандағы ШОБ секторын және халықаралық тәжірибені ақпараттық жариялау Кітаптың 3 басылымы шығарылды, жыл сайын шығарылады
25. Кәсіпкерлерге арналған бизнес- портал Кәсіпкерлерге арналған тәуліктік анықтамалық Он-лайн ақпарат 2012 жылғы наурызда жаңа нұсқасы шығарылды, күн сайын 300 адам көреді
26. «Даму» қорының Call-орталығын құру Телефон арқылы сервистік көмек және Кәсіпкерлікті қолдау қорының бағдарламасына қатысуға байланы- сты мәселелерді түбегейлі түсіндіру Кәсіпкерлердің ай сайын 2 500 астам қоңырауын қарастыру, тел. 1408
27. «Даму» қорының Геоақпараттық жүйесі «Даму» қорының қызметі, сондай-ақ ШОК дамуы туралы ақпараттарды ұсынудың интерактивтік жүйесі Сыртқы пайдаланушылар үшін ашық http://gis.damu.kz/
28. Франчайзингті дамыту Ұлттық бизнестің және шетелдік коммерциялық кәсіпорындардың та- бысты үлгілерін қосарлау жолымен өз қызметін жүзеге асыратын ШОБ инвестициялық қолдау Франчайзинг агенттігімен бірге «Даму» қорының Ұлттық франчай- зинг орталығы ашылды





2. Мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі. (Компью С10)

Еуропа қауымдастығының әдістемесі бойынша шағын және орта кәсіпорындар келесідей ерекшеліктеріне қарай анықталады.

Кәсіпорын Жұмысшы саны, адам Жылдық айналым, млн Баланс(активтердің баланстық құны) млн.
Шағын 50-ге дейін Ең көп дегенде 4 Ең көп дегенде 2
Орта 50-250 Көп дегенде 16 Ең көп дегенде 8

Францияда жұмысшы саны 500ден аспайтын кәсіпорындар - шағын және орта кәсіпорындар деп есептеледі. Ал жұмысшы саны 10-нан аз кәсіпорындар- өте шағын, 10-100ге тең шағын, 100-500ге тең- орта және 500ден көп кәсіпорындар- ірі кәсіпорындарға жатқызылады.

Германияда жұмысшы саны 1-50 адамда және жылдық айналымы ең көп дегенде 1млн марканы құрайтын кәсіпорындар- шағын кәсіпорындар; ал мұндай көрсеткіштің мәні сәйкесінше сәйкесінше 30-500 адам мен 50 млн құрайтындары орта кәсіпорындар деп есептеледі.

Италияда шағын және орта кәсіпкерлік субьектілер жұмысшы санына қарай келесідей топтарға жіктеледі: ұсақ (1-19адам), шағын ( 20-99адам), орта (100-499адам) фирмалар.

Әлемдік тәжірибе Еуропа мен Азияның барлық алдыңғы қатарлы елдерінде, Жапония мен АҚШта соңғы жылдары шағын кәсіперлікті дамытудың, оны жан жақты қолдаудың ерекше қуатты толқыны байқалатынын көрсетті.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымның күшейтілген түрде көңіл аударуы мен қолдауы шағын кәсіпорындардың тек артықшылықтары мен үлкен болашағына ғана емес, сонымен қатар олардың ерекшелігіне келіп шығатын шарасыз әлсіздіктеріне байланысты. Соның ішінде, келесілерді бөліп көрсетуе болады(Компьютер С 11):

· Басқарудың айқын көрсетілген дербестендірілуі.

Бір жағынан қаржылық, экономикалық және басқа да шоғырландыру басқару шешімдерін қабылдау процесін ең төменгі шекке дейін қысқартады, екінші жағынан басқарушының жеке сипаттары мен ерекшеліктерінен тәуелділік артады.

· Жұмысбастылықпен байланысты әлсіз стратегиялық басқару,

Бұл көбіне ұзақ мерзімді міндеттерді дайындаудағы басқарушының жеке түсінбестігінен болады.

· Өзін өзі ақпаратмен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі

· Меншіктікте, қарыздықта, қаржылық рестурадың тапшылығы

· Жоғары тәуекелділік пен қызметтің тұрақсыздығы. Мысалы, АҚШта 20адамға дейінгі жұмысшылары бар фирмалардың 65% ы өзінің пайда болғанынан кейінгі 4жыл шегінде жойылып кетеді (500 адамнан астам жұмысшылары бар компаниялардың 37%), шамамен шағын фирманың әрбір төртіншісі өмірінің бірініш жылында күйреуге ұшырайды.

· Жұмысшылардың әлсәз әлеуметтік қорғалғандығы.

· Сыртқы ортаға – банктерге, мемлекеттік әкімшілікке , ірі кәсіпорындарғағ ғылыми ұйымдарға елеулі тәуелділігі.

Шағын кәсіпкеріктің осы және басқа да кері жақтарын жою үшін нарықтық механизмнен басқа, мемлекеттің реттеудің сәйкес функциялары да қажет. Кез келген мемлекеттің шағын бизнеске қатысты екі негізгі функциясын бөліп көрсетуге болады (КОМПЬЮ 12,13) олар: басқарушылық және қамтамасыз етушілік.

Басқарушылықшағын және орта кәсіпкерліктің құқықтық ортасын қалыптастыруда, ағымдағы міндеттерді орындауды бақылауда және ұымдық әкімшілік мәселелерді шешуде көрініс табады.

Қамтамасыз етушіфункция шағын кәсіпорындарға қызмет көрсетуден, оларға материалды , ақшалай, ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік тапсырыстарды жеткізуден оларға қызмет көрсетуден және т.б. тұрады.

Әртүрлі елдерде шағын бизнесті қолдау ел мүмкіндіктеріне байланысты, сонымен қатар мемлекеттің болашақтағы және ағымдық міндеттеріне байланысты әртүрлі жүргізіледі. Мұндай міндеттерін шағын бизнестің келесідей мәселелерін шешуге бағытталады: жаңа жұмыс орындарын құру немесе экономикасы артта қалған аймақтарды дамыту, ғылыми сыйымды өндірістерді немесе сыртқы экономикалық мүдделерді көтеру және т.б. Мемлекеттің қолдауын кәсіпкерліктің кері қайтару тәуелділігі – тікелей пропорционалды.

Мамандардың пікірі бойынша, шағын бизнеске қатысты мемлекеттің өте орынды бағыты АҚШ та, Жапонияда, Германияда байқалады.

АҚШ та шағын кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік саясаттың бастамасы 1953 жыл болды, бұл кезде «шағын бизнес туралы» акт қабылданды. Бұл кәсіпкерліктің жеке құқықтық базасын құрайтын бірнеше негізгі заңдардың алғашқысы.

АҚШта шағын және орта бизнесті салықтар бойынша жеңілдіктер беру сияқты жанама қолдаулар өте маңызды.

Германияда шағын бизнесті қолдауды федералдық деңгейде Экономика министрлігі, жергілікті деңгейде жергілікті билік органдары ұйымдастырады. Қаржылық көмек келесідей бағыттар бойынша көрсетіледі(К С14):

1. Кәсіпорындарды кеңейтуге, қайта құруға, құруға және сатып алуға ссудалар беру;

2. Ірі кәсіпорындар капиталына қатысуын, нарықтың басқа агенттерімен бірлесіп жұмыс жасауын қаржыландыру;

3. Жұмыс орындарын құру немесе сақтап қалу үшін ұзақ мерзімді инвестиция беру;

4. Несие қоғамдары мен банктік құрылымдарға кепілдеме беру;

5. Энергия жинақтаушы іс шараларды жүргізуге инвестициялық көмек көрсету;

6. Алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге, кадрлардың біліктілігін көтеруге ынталандыру,

7. Табиғатты қорғау және басқа экологиялық жобаларды қолдау;

8. Несиелеудің арнайы бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы кәсіпорындардың табыстарын және капитал салымдарын реттеу;

Бұл елдегі 20 жылға берілетін жеңілдетілген ұзақ мерзімді ссуда жүйесі бастаушы кәсіпкерлерді елеулі түрде ынталандырады. Себебі, бірінші он жылдықта негізгі сома төленбейді. Пайыздарын төлеуге қатысты жеңілдіктер:

Алғашқы екі жылда олар төленбейді, үшінші жылы -2%, төртінші жылы 3% , бесінші жылы 5%, алтыншы жылдан бастап несие нарығындағы жалпы пайыз мөлшері бойынша төленеді.


5557958426327746.html
5558011214442213.html
    PR.RU™